Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11804365046 %54 %

Түріктерге қазақ күйін таныстырған жапон жігіті – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:00 - 2019/07/09


Түріктерге қазақ күйін таныстырған жапон жігіті – Астана Ақшамы

Алда-жалда жолыңыз түсіп Стамбұлға барсаңыз, Таксим алаңына соқпай кетпеңіз. Онда қазақ күйлері мен әндерін тартып отыратын домбырашы жігіт бар. Қос ішекті құйқылжыта шерткенде, оның жапон екеніне сену қиын.

Құж-құж қайнаған Стамбұл. Өзім секілді туристердің жиі жү­ретін мекені Таксим алаңын­дамын. Симит пен кофе иісі аң­қы­ған ауаны құмарлана жұтып жай­барақат келе жатқанмын. Кенет құлағыма сондай таныс қоңыр үн келді. Домбыраның үні! Өзге елде құдды бір бауы­рымды тапқандай жүрегім атқақтап қоя берді. Дауыс шық­қан жаққа жеткенше асық­тым. Домбырашының өзін де таптым-­ау. Бір-екі ауыз сөзге тар­тып көрсем, әлгі жігітім жапон болып шықты. Ол өзін Акира Такегучи деп таныстырды. Жапония­дағы Канагава облысына қарас­ты Кавасаки қаласынан екен.
– Музыкаға деген қызығушы­лығым он екі жасымда оянды. Жасөспірім кезімде электрлі гита­раға, кейіннен фламенко гита­раға қызықтым. Одан соң Орта Азиядағы музыкалық аспап­тарға аңсарым ауды. Осы саланы түбегейлі зерттемек болып университетке түсерде де музыканы, дәлірек айтсам, этностық музыка мамандығын таңдадым. Университетте оқып жүргенімде удта ойнауды үйрендім, ол – түріктердің ұлттық музыкалық аспабы. Оқуымды аяқтаған соң, өнерімді әрі қарай жетілдірмек болып Стамбұлға келдім. Бұл менің Түркияға жасаған алғашқы сапарым еді, – дейді жапон жігіт.
Бастапқыда Стамбұлда үш айдай оқып, сосын еліне қайт­қан Акира кафе-барларда удта ойнап, нәпақа тауып жүріпті. Алайда өз өміріне қанағаттанбаған ол нәсібін өзге елден іздемекші болып, қайтадан Түркияға аттанады. Домбырамен таныстығы да сол шақтарда басталса керек.
– 2016 жыл еді. Мен Анкарада жүргенімде, Акдениз атты ноғайдың әнші жігітімен таныстым. Домбыраны да өмірде тұңғыш рет соның қолынан көрген едім. Оған дейін 2011 жылы теледидардан Қазақстанның тарихына қатысты деректі фильм­ді тамашалағанымда домбыра жайлы ақпаратты естігенім бар. Акденизбен таныстығымнан соң домбыраны үйрене бастадым, – деп еске алды ол сол кезді.
Оған күй шертуді Түркияда тұратын қазақ жігіт үйретіпті. Бүгінде Акира он алты күйді жатқа біледі. Оның ішінде «Адай», «Балбырауын», «Көроғлы» секілді белгілі туындылар бар. Күй тартып отырғанда, мұны іздеп келетін қазақтар көп екен. Олардың кейбірі сондағы жергілікті тұрғындар болса, кейбірі қазақстандық туристер көрінеді.
– Домбыраны үйренген соң, қазақтың салт-дәстүрі мен тарихына да аздап көз жүгірте бастадым. Маған бәрінен бұрын сіздердің өз шыққан тектері­ңіз­бен мақтанатындарыңыз, өздеріңізді бар күйлеріңізде қабылдайтындарыңыз ұнайды. Жапондарға осы қасиет жетіспейді. Мысалы, жапонның заманауи кейіпкерлерін көре қалсаңыз, шаштары ақ сары, көздері үлкен, бір сөзбен айтсақ, түр-тұлғасы – аумаған еуропалық адамдардікі. Меніңше, өзіңнің азиат екеніңнен қашу, оны ұмытуға тырысу – өте үлкен қателік. Осы тұста мен сіздерден үлгі алғым келеді, – деді Акира.
Айтпақшы, Акира былтыр Алматыға қонақ болып қайтыпты. Қазақстанның халқын да, асын да, табиғатын да ұнатқан ол біздің елдің Балқан түбегінде орналасқан кейбір мемлекеттермен ұқсастығын байқапты. Жапон жігіттің айтуынша, Алматыда да Белград, София, Скопье секілді қалаларға тән атмосфера сақталған. Алдағы уақытта жолы түссе елордаға да келер, бәлкім.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1020752
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар