Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда жолаушылардың әуе тасымалы 2 есеге азайды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 17:33 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106818




Қалыптасқан жағдайдан әуе және темір жол саласының мамандары жұмыссыз қалмауы қажет. Тіпті, оған мемлекет тарапынан жасалатын арнайы қолдау бар. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына» қорының құқықтық сүймелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры мәлімдеді.

Андрей Кравченконың айтуынша, коронавирусқа қатысты шаралардан дәл осы салалар үлкен зардап шекті. Мәселен, алғашқы жартыжылдықта жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау екі есе қысқарған. Сәйкесіншке, бұл әлемдік авиация үшін ең ауыр жыл болып саналады. Ал біз өз тарапымыздан қызметкерлердің жұмыссыз қалмауын қамтамасыз етуге тырысамыз, деді қор өкілі.

Андрей Кравченко, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қорының құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры:  «Қазір теміржол тасымалы жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты қысқартылған тәртіпке көшті. Бұған қоса, санитария талаптары қатаң сақталады. Ал қалған қызметкерлер жұмыстан шығарылған жоқ. Олар карантин тәртібі жеңілдетілгеннен кейін қайтадан жұмысқа кіріседі» — деп мәлімдеді.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239746
Пікірлер

Көрші сілтемелер