Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қытайда тауық етінен қауіпті вирус анықталды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:54 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106792




Тауық етіндегі вирусты денсаулық сақтау қызметкерлері тест өткізу барысында анықтаған.

Содан кейін мамандар өнімді ұстаған адамдарды да тексерістен өткізді. Бірақ олардың ешқайсысы ауруға шалдықпаған.

Сатылған тауық еті уақытында табылып, зарарсыздандырылды.

Бұған дейін Қытайдың басқа қаласында Эквадордан әкелінген асшаяннан қауіпті инфекция табылған еді. Осыған байланысты қазір елдің кеден қызметі барлық азық-түлік өнімдерінен, әсіресе теңіз өнімдері мен етті арнайы тексерістен өткізіп жатыр.

Ескере кететін жайт, шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында түрлі өнімдерден Covid-19 анықталған болатын. Кей сарапшылардың пікірінше, азық-түлік өнімдерін салқын жерде сақтау вирустың ұзақ тіршілік етуіне септігін тигізетін көрінеді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239638
Пікірлер

Көрші сілтемелер