Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ХҚО-да аналарға құрмет көрсетілді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:48 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106789




Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының Алатау аудандық фронт-офисі соңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдаған. Бұл туралы филиал директоры Данияр Қырықбаев өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 Алатау аудандық бөлімі карантин кезінде клиенттерді дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.

Осы қиын кезеңде бөлім күніне 15-20-дан астам электрондық өтініштерді қабылдап, өңдеуде. Сондай-ақ, алдын ала жазылу (бронь) бойынша фронт-офисте  де азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Бөлім карантин кезіндегісоңғы екі айда 3,5 мыңға жуық өтініш қабылдапты.

Атап айтқанда,  «Жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем» бойынша — 1000 өтініш, «Бала туғанда және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау» қызметі бойынша — 1013 өтініш, «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» бойынша  — 1150 өтініш қабылдаған.

Осы аптада бөлім қызметкерлері болашақ аналар мен Алатау ауданының кейбір ата-аналарын жаңа туған нәрестелердің дүниеге келуімен құттықтады. Туу туралы куәлік пен шарлар табыс етілді.

Осылайша, қиын кезеңде өмірге сәби әкелген және болашақаналарды қолдап, көңілдерін көтеріп, болашақтың жарқын екенін көрсетіп, құрмет көрсетті.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239634
Пікірлер

Көрші сілтемелер