Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шетелдік танымал мультфильм арналары қазақшалануы мүмкін | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:42 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106788




Шетелдік танымал мультфильм арналары қазақшалануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты.

«Ал, енді тіл мәселесі — бұл руханияттың өзегі. Бұл ретте де қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің тапсырмасымен қарастырылып жатқан бастамалар бар. Мәселен — еліміздің кабельдік операторлары арқылы тарайтын шетелдік телеарналарды қазақ тіліне аудару. Әрине, кез келген елдің ертеңі — бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты шетелдік танымал мультфильм арналарынан бастау керек деген ұсыныс бар. Сөз жоқ, бұл бастамалар әлі қоғамдық талқылаудан өтіп, тиісті мамандардың, сарапшылардың, зиялы қауымның, ата-аналардың қолдауымен болатын дүниелер», — деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үшін ең бірінші міндет — бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігі.

«Бұл бағытта министрліктің барлық мүмкіндігі және ең бастысы, толық түсінігі бар. Руханият мәселесі бұл — жалғыз мемлекеттікі емес, ортақ мәселе. Сондықтан да оған қолжеткізу үшін бір ғана мемлекеттің жұмысы аз. Әрбір азамат атсалысуы керек деп ойлаймыз. Сонда ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда жаңа серпін көретін боламыз»,- деді Болат Тілепов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239630
Пікірлер

Көрші сілтемелер