Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы — экологиясы ең лас қала | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:33 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106771




ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты.

-Сынама 20 бақылау стансасынан, қаланың әртүрлі аудандарынан және ЖЭО-2 санитарлық аймағынан алынды. Талдау көрсеткендей, өткен жылдың наурыз-сәуірімен салыстырғанда осы жылдың дәл осы кезеңінде қаланың төменгі бөлігінде концентрация жоғары (РМ-2,5 және РМ-10) болды. Бұл ластану жылу электр стансаларына тән.

Алматы бірнеше жыл бойы елдегі ең лас қалалардың тізімінде тұр. Оған жылу көздерінен шығатын қалдықтар және жолдағы көліктердің кептелісі себеп болды. 2019 жылғы есеп бойынша атмосфераға 114 мың ластайтын зат бөлінген, оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктен және 14 пайызы жеке сектордан шыққан. ТЭЦ-3 және ТЭЦ-2-ні газға алмастыру керек, сонда ТЭЦ-2 қаланың үштен бір бөлігіне тең болады,-дейді З. Жолдасов.

Фото: Досжан Балабекұлы


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239560
Пікірлер

Көрші сілтемелер