Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 қашан газға көшеді? | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:21 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106763




Алматыда ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 2024-2025 жылы толығымен газға ауысады. Онлайн конференция барысында ЖЭО-2 стансасынан — 38 мың тонна, ЖЭО-3 стансасынан 12 мың тонна зиянды зат шығатынын ескерген ҚР Экология министрі орталықтар қашан газға ауысатынын сұрады.

«Біз қазан-қарашада тендер жариялаймыз. Келесі жылы бюджетке жобаның техникалық экономикалық негіздемесін жүргізу шығындарын кіргіземіз. Қазір біз көгілдір отынға өтініш беріп жатырмыз. ЖЭО-3 жұмыс істеу үшін біз қай отынды қолданатынымызды түсінуіміз керек. Көмір болса, күл шығаратын орын жоқ. Сондықтан, ол жерде жалғыз ғана отын – газ қолданылуы керек», — деді «Самұрық Энерго» АҚ өндіріс және активтерді басқару директоры Серік Түйтебаев. Оның айтуынша, ЖЭО-3 техникалық экономикалық негіздемесін жасауға 3 жыл кетеді.

«Егер «ҚазТрансГаз» АҚ бізге техникалық шарттарды жасап берсе, біз жол картасын әзірлей береміз. 2021 жылы техникалық экономикалық негіздеме жасап, 2022 жылы қаржыландыруды ұйымдастырып, 2023 жылы құрылысты бастаймыз», — деді ол.

Серік Түйтебаевтың айтуынша, ЖЭО-2 бойынша да техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Қаржылық мәселелер ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп қарастырылады. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ «Алматы ЖЭО-2» қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту үшін қайта жаңғырту» техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Оған сәйкес ЖЭО-2-ның барлық қазандықтарында көмір орнына газ жағу қарастырылған. Ол ауаға бөлінетін күкірт диоксиді, күл, тағы басқа заттардың 83%-ға (қазіргі 37 мыңнан 6 мыңға дейін) азаюына ықпал етеді. Жалпы алғанда, ЖЭО-2 бойынша жұмыстар – 2024 жылға таман, ЖЭО-3 бойынша жұмыстар 2024-2025 жылға таман аяқталуы тиіс.

inform.kz 

Фото: Досжан Балабекұлы


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239547
Пікірлер

Көрші сілтемелер