Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы аспанында неге тікұшақ ұшып жүр? | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:12 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106757



Алматы полиция департаменті тікұшақтардың неліктен қала үстімен ұшып жүргенін түсіндірді. Құқық қорғаушылар қала жолдарындағы жағдайды бақылау мақсатында әуеден патрульдеуді қайта бастады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сонымен қатар, полиция осылайша кептеліс болып жатқан қиылыстарды анықтап, ол учаскелерге жол қозғалысын реттегіштерді жібереді.

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, соңғы жылдары қалада көше мен магистральдерде көлік ағындарының жиілігі едәуір артқан, осы себепті полиция жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру шараларын қабылдап жатыр.

12 тамыздан бастап қалалық төтенше жағдайлар департаментінің тікұшақтары Алматыны аралап ұшып жатыр. Әуеден патрульдеуге әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің басшылары жұмылдырылды, олар жолдағы жағдайға талдау жасайды.

Онлайн патрульдеу режимінде экипаждарға көлік қозғалысы қиындаған учаскелер туралы өзекті ақпарат ұсынылады.

 

Фото: Досжан Балабекұлы 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239537
Пікірлер

Көрші сілтемелер