Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


 Қала әкімі жоғалған екі баланы тауып алды  | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:15 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106738




Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев екі кештің арасында жоғалған екі баланы тауып   алды. Іздестіру шаралары қалай жүзеге асты? Енді қала әкімінің сөзіне құлақ түрейік:

«12 тамыз күні екі кештің ортасында Текелі қаласында Анастасия және Жасұлан атты екі бүлдіршін жоғалып кетті. Жедел іздестіру тобының хабарламасын көрген соң,  мен де атсалысайын деп шештім.

Көше бойында өтіп бара жатып,  қирап жатқан ғимараттың астында бір топ кісілер отыр, ал қастарында бүлдіршін бала жүгіріп жүрді. Соны көре сала, қасына баруды жөн көрдім.

Сондағы көрген көрінісім видеодағы жағдай. Кішкентай балақайдың тағдыры мені қатты алаңдатты. Сол жерде ішімдік ішіп отырған азаматтардың ішінде педофил болмасына кім кепіл? Өскелең ұрпақ біздің болашағымыз дейміз. Алайда, аға буын өкілдері осындай тәрбие көрсетіп жатса, болашағымыз не болмақ?!

Осы көріністі көріп, шыдай алмай, бейнероликке түсіріп алдым.

Әрине бұл жағдай – полиция қызметкерлерінің тікелей жұмысы. Алайда, қала басшысы ретінде шаhарымызда тәртіп орнату – басты міндетім. Себебі, мені болашағымыз, қаламыздың болашағы алаңдатады.

Мақсатым– Текелі қаласын «арақ — шарапсыз» қала жасау.  Ащы су ешкімге жақсылық әкелмейді, проблемаларын шешпейді, осыны ұғынып ой санасына жеткізе алмай жүрген азаматтар қаншама? Сол азаматтарды дұрыс жолға түсіруге ықпал еткім келеді. Бұл посты жазуыма да осы оқиға түрткі болды.

«Жалғыздың үні шыкпас» дегендей, мұндай көріністі көріп, бейқамдық танытпауымыз қажет. Ел болашағы — жастар, оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету біздің міндет»-деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев.

Ал біз «болсайшы әкімдердің бәрі осындай?» дейміз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239403
Пікірлер

Көрші сілтемелер