Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ғасырлық тарих | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 10:21 - 2020/08/13

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106732




Бүгін, 13 тамыз күні еліміздегі ең көне медиаресурстардың бірі — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігіне 100 жыл толып отыр.

Тарихы сонау 1920 жылдың 13 тамызында Орынбор қаласында құрылған сәттен басталатын агенттік ғасырлық жолында Қазақстанның астанасы болған Қызылорда, Алматы қалаларына көшіп, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласына қоныстанған. Қазақстан аумағындағы бірінші ақпарат агенттігі Орынборда Ресей телеграф агенттігінің (РОСТА) Орынбор-Торғай бөлімшесі ретінде құрылды. Одан кейін атауы сан мәрте өзгеріп, ҚырРОСТА, ҚазРОСТА болса, 1937 жылдан агенттік ҚазТАГ деп аталды және ТАСС-тың — Кеңес одағы телеграф агенттігінің құрамында болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылдың шілдесінде тек республика Үкіметіне ғана бағынатын Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі — ҚазТАГ ретінде қайта жасақталды.

Ал 6 жыл өткеннен кейін ҚазТАГ базасында «Қазақ ақпарат агенттігі» ҚазААГ құрылды. 2002 жылы «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына айналды. Сол жылдың 22 қаңтарында агенттіктің порталы алғаш рет жұмыс істей бастады. Бұл агенттік атауының соңғы рет өзгертілуі емес еді. 2019 жылдың желтоқсанында бұған дейін жеке компания ретінде жұмыс істеген «Қазконтент» АҚ-пен бірігіп, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы құрылды.

Қазіргі сәтте «ҚазАқпарат» — бұл халықаралық деңгейдегі мәртебесін алған Қазақстандағы бірінші, жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі. Ол 100 жыл бойы саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігі туралы сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде беделін мүлтіксіз сақтап келеді. ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдарының, ұлттық қаржылық және өнеркәсіп құрылымдардың қызметі туралы ресми ақпарат таралады.

Бүгінде агенттіктің жаңалықтары inform.kz web-порталында қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзбек тілдеріне таратылады. Бұған қоса мемлекеттік тілдегі материалдар шетелдегі қандастарымыз үшін латын әліпбимен және төте жазумен де беріліп отырады. ҚазАқпаратта өзге отандық ақпарат агенттіктерінде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Ресей, Қытай, Түркия, Еуропа, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Таяу Шығыс елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.

Бүгінде қазақстандық жаңалық тарататын интернет-ресурстар арасында ҚазАқпарат үздік ондықтың қатарына кіреді. Web-порталға орташа есеппен алғанда 100 мың адам кіреді. Агенттік порталын пайдаланушылардың географиясы мен ауқымы таң қалдырады, ол 229 елді қамтиды.

Бүгінгі таңда ҚазАқпарат әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді. Facebook , ВКонтакте, Twitter , Одноклассники, Instagram әлеуметтік желілеріндегі арналар мен парақшаларына жазылушылардың жиынтық саны 300 000 адамнан асып түседі.

ҚазАқпарат ұжымы — бұл белгілі теле- және радиожурналистер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және аймақтық конкурстардың жеңімпаздары, құрмет атақтары мен сыйлықтарының иегерлері. Агенттік өңірде ең бірінші болып халықаралық мәртебе алып, 2015 жылдың желтоқсанында ISO 9001:2008 стандарты талаптары бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификаттауынан өтті. OAНA Халықаралық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (Тынық мұхиты және Азия елдері ақпарат агенттіктерінің ұйымы), ТМД елдеріндегі ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (ҰААҚ), Түркі тілдес елдердегі ақпарат агенттіктері ұйымының (ТКА), ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының, орыс баспасөзінің бүкіләлемдік қауымдастығының, Бүкіләлемдік газет қауымдастығының (WAN IFRA) мүшесі ҚазАқпараттың бүгінде әлемнің көптеген елдерінде медиа серіктестері бар.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1239354
Пікірлер

Көрші сілтемелер