Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Сонымен аймақтардан сайланған Сенат депутаты кімдер?
•Ақмола облысынан – Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы Нұрлан Бекенов – 89.5%;
• Ақтөбе облысынан – Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев — 89%;
• Атырау облысынан –»Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк» ЖШС басқарушы директоры (KPI Inc) Сағындық Лұқпанов — 82.69%;
- Батыс Қазақстан облысынан – Іскер әйелдері қауымдастығының аймақтық басшысы Ләззат Рысбекова — 70,33%;
• Жамбыл облысынан – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков — 92,09%;
• Қостанай облысынан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк — 87,21%; - Қызылорда облысынан — Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова — 77,86%;
• Маңғыстау облысынан — «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев — 87%;
• Павлодар облысынан – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы — 81,97%; - Солтүстік Қазақстан облысынан – қазіргі Сенат депутаты Ольга Перепечина — 87,57%;
• Түркістан облысынан – қазіргі Сенат депутаты Әли Бектаев — 91,53%;
• Шығыс Қазақстан облысынан – Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина — 93,07%;
• Алматы облысынан – Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсембинов – 92,63%; - Қарағанды облысынан – қазіргі Сенат депутаты Сергей Ершов – 83,15%;
• Нұр-Сұлтаннан – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев — 75%;
• Алматыдан – Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов — 100%;
• Шымкенттен – қазіргі Сенат депутаты Айгүл Қапбарова – 72%.