Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өрт дер кезінде сөндірілді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:33 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106072




Бүгін сағат 11:07-де Шымкент қаласының Əл-Фараби ауданындағы Төлеби 11 үйінде орналасқан «Визит» ЖШС-не қарасты жалпы көлемі шамамен 2000 ш.м. қойма және жапсарласа соғылған бастырманың астында пластик бутылка жасауға арналған шикізаттар қоймасында өрт болды. Осыған орай оқиға орнында Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушысы, полковник Ерғали Бахаев брифинг берді.Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
— Шымкент қалалық Төтенше департаментіне 11:07-де өрт апаты хабар түсті. Тез арада оқиға орнына №2 шақыртумен 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды. Содан сағат 11:51-де өртті оқшаулап, 13:15 өрт толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі шамамен 800 ш.м құрады. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ, — деді Е.Бахаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда өрт не себепті шыққаны анықталуда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1232231
Пікірлер

Көрші сілтемелер