Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еріктілер құрбандыққа шалынған етті мұқтаждарға таратуға көмектеседі | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 12:03 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106050




Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн- брифинг барысында, Алматы қаласы  Наурызбай ауданының «Әбу Бәкір» мешітінің Бас имамы Әсет Аташов айтты.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында, 31 шілде мен 2 тамыз аралығындағы Құрбай айт  мейрамы кезіндегі құрбандық шалу рәсімі  онлайн форматында  өтетін болады. Құрбандық шалуға өтінішті   Qurban2020.kz порталына кіру арқылы беруге болады. Сол жердегі  қажетті жолақтарды толтырып, құрбандыққа шалатын малды тандап, ақшасын төлеу керек. Құрбандық шалынғандығы туралы есеп,  тапсырып берушіге жіберілетін болады.

Сонымен қатар,  сайт арқылы  мұқтаж жандар етті алуға өтініш тастай алады. Сондай-ақ әкімдікте әлеуметтік жағынан  аз қамтылған отбасылар тізімі бар. Оларға өтініш берген- бермегеніне қармастан ет берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік,  Алматыда эпидемиологиялық сақтық шаралары жан- жақты жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау  мақсатында,  31 шілде — 2 тамыз аралығындағы Құрбан айт  мейрамы кезінде  төмендегі шараларға тыйым салынады:

1) жеке үй аумағында, медреселерде, жеке меншік иелігіне қарамастан  адамдарды жинап,   шаралар өткізу;

2) мал сою немесе  ұйымдастыру, Алматы қаласы аумағында көлікпен немесе жеке үй шаруашылығында   мал сату,

3)31 шілде — 2 тамыз аралығында Алматы қаласының орталық мешітімен бірлесе отырып,   онлайн түрде құрбандық шалатындарды қоспағанда, мал соятын цехтар мен базарлардың жұмысын тоқтатылады;


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1232173
Пікірлер

Көрші сілтемелер