Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті | Қазақ газетт



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 19:39 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106044



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі күллі мұсылманның мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына бақ-береке тіледі. Әңгімелесу барысында Президенттер екі елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді іс-қимылдарын жоғары бағалап, Р.Т.Ердоғанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты. Екі елдің Президенттері Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырды. Екіжақты сауда-саттықтың оң қарқынын сақтаудың және бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе, денсаулық сақтау, «жаңа экономика» және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бастамаларды жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1231974
Пікірлер

Көрші сілтемелер