Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бағдат Қожахметов жаңа қызметке тағайындалды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 13:03 - 2020/08/01

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106021




Бағдат Қожахметов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.

«Жұмыстың алғашқы күнінде біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттық орталығын құратын болып шештік. Біздің басты міндетіміз — бүгінгі күнге дейін жиналған барлық мәселелерді шешу үшін қоғаммен сапалы байланыс орнату», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа ресми өкілі.

Ол журналистерді, PR және маркетинг саласындағы әріптестерін жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

«Бұл денсаулық сақтау жүйесінің проблемасы ғана емес, бұл – бүкіл қоғамның проблемасы. Еліміздің болашағы біздің дәрігерлерге бүгінгі індетті жеңуге қалай көмектесетінімізге байланысты», – дейді ол.

Бағдат Қожахметов бұған дейін «31 арнаны» басқарған, Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болған, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақпарат және қоғаммен байланыс орталығын басқарған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1231790
Пікірлер

Көрші сілтемелер