Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Мың алғыс» республикалық акциясы Созақта жалғасын тапты | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 22:39 - 2020/07/31

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106004




Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Мың алғыс» акциясы Созақ ауданында өз жалғасын тапты.

Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков бастаған топ аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесінде өз отбасынан, балаларынан алыстап, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлерге алғыс білдірді. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков «Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздер елімізге пандемия басталғалы бері күн-түн демей арпалысып, отбасыларыңыздан жырақта білімдеріңіз бен күштеріңізді жұмсап, бастарыңызды қауіп-қатерге тігіп аянбай еңбек етіп жатырсыздар. Сіздерге осынау еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз» деп ақжарма тілегін жеткізді. Созақ аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Талғат Әлішерұлы Қалдыбеков пен Таукен ткенті емханасының меңгерушісі Алма Мейрамбекқызы Құрманбекованың өңірлеріне Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалін тақты.

Акцияға Созақ ауданы әкімдігі мен Жастар Ресурстық Орталығы қызметкерлері, JasOtan жастар қанатының мүшелері, Value волонтерлар ұйымы белсене атсалысты.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1231575
Пікірлер

Көрші сілтемелер