Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 13:30 - 2020/07/31

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=106000




Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді.

Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз.

Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі.

Елімізде Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1231275
Пікірлер

Көрші сілтемелер