Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 12:57 - 2020/07/31

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=105993




Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы Kazgazeta.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды 2020 жылғы 31 шілде 12:03Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды.

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады. Еске салсақ, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1231250
Пікірлер

Көрші сілтемелер