Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Төлебидегі ауруханаларға 16 оттегі концентраты тарту етілді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:21 - 2020/07/31

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=105979




Түркістан облысы Төлеби аудандық ауруханасына Bi Group құрылыс компаниясы 3 дана оттегі концентраторын табыс етті.

Сонымен қатар, «Бірлік 2020» қайырымдылық қоры Ленгір қалалық аураханасына 2 дана, «Айдың нұры» компаниясы 1 оттегі концентратор құрылғысын әперді.

Осындай игі iстерден аудан азаматтары да шет қалып жатқан жоқ. Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы Ленгiр қалалық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. Және де «Шұғыла» қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторлары жеткiзiлдi. Мамандар бұл құрылғыларды науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарына қосымша көмек ретінде қолдануда. Індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын жандарға аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1231190
Пікірлер

Көрші сілтемелер