Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантиндік шаралар қатаңдатыла ма? | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 12:57 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=104228




Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай мен оның бизнеске әсерін ескере отыра біз бірнеше нұсқа ұсынып отырмыз. Олар карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын қабылдау. Мұның барлық тетіктері әзірлерген. Бұл туралы соңғы шешімді жуырда ведомствоаралық комиссия қабылдайды», – деді министр.

Осы орайда Алматы қаласының әкімдігі де желіде тараған шаһар шекарасын жабу туралы хабарлама жалғаны екенін мәлемдеді.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде биылғы жылдың 30 маусымы сағат 00:01-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпараттың тарауына байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді», – деп хабарлады әкімдік.

inbusiness.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1210908
Пікірлер

Көрші сілтемелер