Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауылдағылар ПТР тестті қалай тапсырады ? | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 12:33 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=104221




Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет 1,2 млн ПТР-тест  сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлгенін мәлім етті. Сондай-ақ, жаңа сайланған министрдің айтуынша, ауыл тұрғындарынан ПТР тестті мобильді жылжымалы зертханалар алады.

«Қазіргі уақытта министрлікте 7 жылжымалы мобильді зертхана жұмыс істейді, шілде айында тағы 8 зертхана сатып алу көзделген. Олардың барлығы ауылдық жерлердегі COVID-19 зерттеуін қажет ететін адамдарға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі ветеринарлық және ауруханалық зертханалар коронавирусты зерттеуге бейімделетін болады»,-деді Цой.

Сонымен қатар, Алексей Цой ПТР тесттердің Қазақстанға нақты қашан түсетінін айтпады. Тек үкіметтен ПТР тестіне 1 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

 «Үкімет 1,2 млн тест сатып алу үшін 1 миллиард теңге бөлді. Тесттер қоры әрдайым толығып отырады. Тесттер жақын арада түседі. Қазақстанда қазіргі таңда 46 диагностикалық зертхана бар. Нұр-Сұлтан қаласында ғана күніне 10 мың тест жүргізуге болады. Зертханалардың қуаттылығын арттыру мақсатында тамыз айының соңына дейін 20 ПТР-анализатор сатып алу жоспарланып отыр», — деді ол.

azattyq-ruhy.kz

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1210882
Пікірлер

Көрші сілтемелер