Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елімізде корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 12:27 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=104218




Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігінің артуына байланысты корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

«Халықты тестпен барынша қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест алады. Әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр», — деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта халық тарапынан жедел жәрдем қызметіне арыз-шағым көбейіп кеткен.

«Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіпті 2-2,5 жарым есе көбейген. Бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінге дейін отандық өндірістегі 807 автокөлікті сатып алу туралы келісімге қол жетті. Сонымен бірге медициналық емес ұйымдардың көлігінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныстар ведомтствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін», — деді ол.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1210873
Пікірлер

Көрші сілтемелер