Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


2021 жылы «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап мектеп бағдарламасына енеді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=104208




Қазақстандық мектептерде 2021 жылы «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап оқытылатын болады.

«Орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық техологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан тұрды. Одан кейін 5-сыныпқа түсірілді. Бірақ осы бағдарламаларда көбіне компьютер пайдалану, кеңселік қосымшаларды игеру сияқты қарапайым дағдылар бердік те, осы бағдарлама жаңартуды талап еткен болатын. Сондықтан енді 2021 жылдан бастап «Цифрлық сауат» пәні 1-сыныптан бастап енеді. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, Scratch кодтау тілін үйренеді. STEM, 3Д-принтинг, робототехника негіздерін игереді», — деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, сонымен қатар IOS, Android операция жүйелерін және Python, С++ сияқты программалау тілдерін үйренеді.

«Ол үшін елімізде облыс орталықтарында жаңадан 25 арнаулы IT-лицей ашылды. 447 STEM зертханасы мен 2 мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылып отыр», — деді ол.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1210786
Пікірлер

Көрші сілтемелер