Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еуропа одағы 1 шілдеден бастап шекарасын ашады | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 09:51 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=104205




Еуропалық Одақ азаматтарға 1 шілдеден бастап өз аумағына кіруге рұқсат берілген 14 елдің тізімін атады. Бұл тізімге Ресей, АҚШ, Қытай Бразилия, Қазақстан кірмейді.

Еуропа билігінің шешіміне сәйкес, коронавирустың таралуы тұрғысынан «қауіпсіз» деп танылған елдер: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Бұл тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін, ол екі апта сайын қайта қаралып отырады. Дипломатиялық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қытай билігі еуропалықтарға осындай құқық берсе, Қытай да қауіпсіз елдер тізіміне қосылуы мүмкін. Ұлыбритания ресми түрде ЕО-дан шықты, бірақ ол Еуроодақпен өтпелі кезең үшін, кем дегенде, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ортақ саясат жүргізеді. Сондықтан британдық азаматтар ЕО тұрғындары сияқты бірдей құқыққа ие. BBC еуропалық редакторы Катя Адлер хабарлағандай, сейсенбі күні түстен кейін ЕО қауіпсіз деп танылған елдерді ресми критерийлері бойынша нақты мақұлдауға ниетті. Алайда, ЕО мүшелерінің көпшілігі жоғарыда аталған елдердің тізімімен келіскен.

inform.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1210753
Пікірлер

Көрші сілтемелер