Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақ қызы АҚШ-тағы хоккей клубының бас бапкері атанды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 18:18 - 2020/06/29

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=104188




Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева америкалық клубтың бас бапкері болды. Ол Нью-Джерси штатындағы High School базасында жаттығатын Princeton Tiger Lilies team 14U AA Black командасына жетекшілік етпек. Сонымен қоса, ол кәсіпқой ойыншы карьерасын да тоқтатпайды.

Бұлбұл өзінің сұхбатында клуб басшылығы оның мол тәжірибесін жоғары бағалағанын айтты.

— Маусым басында осы қызметке алды. Еңбек өтілім туралы барлық құжатымды жинап көрсеттім. Басында қоңырау шалды, одан кейін видео байланыс арқылы сұхбат болды. Былтыр Westfield High School командасында бас бапкердің көмекшісі болғанмын.

— Бұлбұл команда туралы толығырақ айтсаңыз?

— Командам Princeton Tiger Lilies team 14U AA Black (13-14 жастағы қыздар) аталады. MAWHA league лигасындамыз. Шетелдік маманды бас бапкер қылып алу өте сирек екенін айтты. Тәжірибем мол екені шешуші фактор болды. Өйткені Еуропа, Канада, Азия мен АҚШ-та да ойнағанмын. Канада мен Қазақстанда да бапкерлікпен айналысқанмын.

— Бапкер бола отырып, өзіңіз де ойнауыңызды тоқтатпайсыз ба?

— Иә, солай. Кәсіпқой командамда аптасына екі рет мұзайдында жаттығамыз. Қалған екуі залда. Демалыста екі ойын бар. Кейде біреу ғана. Жұмыс беруші ойыншы карьерамды қатар алып жүретінімді біледі. Мұны қайта артықшылық деген ойда. Қыздар маған қарап бой түзейді, яғни, теңесуге тырысатын нақты адамы бар.

— Ал сіздің жағдайыңыз қалай, өміріңізге пандемия қатты әсер етті ме?

— Бәрі жақсы. Былтыр желтоқсанда жол апатына ұшырадым. Өткен маусымда ойнай алмадым десе болады. Төрт айға шығып қалдым. Қазір қайта жаттып жүрмін, сәуірден бастадым. Қазір коронавируске байлансты бәрі жабық. Мұзайдынның ашылуын күтіп жүрмін.

Айта кетейік, Бұлбұл Қартанбаева әйелдер арасындағы Үлттық хоккей лигасында (NWHL) ойнайтын бірінші қазақстандық хоккейші. Былтыр ол «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа қол қойған.

Елімізде ол «Барыс» жүйесіндегі «Томирсте» және алматылық «Айсұлу» командаларында өнер көрсеткен. 2011 жылдан Қазақстан құрамасында және бес әлем чемпионатында ойнады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1210399
Пікірлер

Көрші сілтемелер