Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12622160141 %59 %

АТУ-да Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:18 - 2019/11/08




2019 жылдың 7-8 қарашасында Алматы технологиялық университетінде Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Бұл туралы АТУ Медиа орталығының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Іс-шараның мақсаты – жоғары оқу орындарының өкілдеріне жобаларды әзірлеу және іске асыру бойынша практикалық кеңестер беру, қатысушыларды алтыншы Эразмус + байқауының талаптары мен инновацияларымен, сондай-ақ бағдарламаны іске асырудың ұлттық және аймақтық басымдықтарымен таныстыру.

Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының өкілі Свен-Олов Карлссон, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің басқарма басшысы Шынар Сүлейменова және АТУ-дың бірінші проректоры Бауыржан Нұрахметов, Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасбулатова бағдарламаның негізгі сипаттамалары, ұлттық және аймақтық деңгейдегі жоғары білім мен халықаралық несиелік ұтқырлық бағдарламасының V байқауының нәтижелері туралы айтты.

Іс-шараға қатысушылар басқа университеттердің тәжірибесімен жеке танысуға және білуге мүмкіндік алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық несиелік ұтқырлықты енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Академиялық ұтқырлықпен қатар Жан Моне бағдарламасының тұжырымдамасы терең түсіндірілді. Қазтұтыну Қарағанды экономикалық университетінің «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Динара Атабаева Жан Моне бағдарламасы бойынша жобаға қатысу және оны жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Осылайша, Қазақстанның әр аймағынан келген университет оқытушылары тәжірибелерімен бөлісіп, келешекте туатын мәселелерді талқылады, жобаларын дамыту үшін арнайы ұсыныстар айтылды. Әр сессияның соңында жоба үйлестірушілері мен топ мүшелері үшін жеке және топтық кеңестер берілді.

Эразмус+бағдарламасы – еуропалық интеграцияның және халықаралық өзара әрекеттің оң әсерінің нақты мысалы болып табылады. Бұл республикадағы жоғары білімді дамыту мен интернационализациялауға арналған Еуропалық Одақтың ең сәтті бағдарламаларының бірі.Бағдарламаның компоненттері арасында еліміздегі жоғары білімді дамытуға ықпал етуді мақсат ететін «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру» (ЖББӘА) бойынша жобалары ерекше орын алады.

2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін жалпы құны 44 млн. еуроданасатын қазақстандық университеттің қатысуымен Эразмус+ ЖББӘА 50 жобасы қаржыландырылды.Ақпараттық сессияларда барлық қатысушылар әрбір жаңа Байқаудың шарттары, іріктеу критерийлері мен таңдау рәсімдері, ұлттық және аймақтық басымдықтар және Эразмус+ бағдарламының шараларына қатысқысы келетіндер үшін практикалық ұсыныстарға қатысты ақпаратпен таныса алады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1069512
Пікірлер

Көрші сілтемелер