Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-1328054143 %57 %

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:09 - 2019/11/07




Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, соның ішінде «Ақ-Бидай» ЖШС-де жұмыс істеген.
1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2002-2006 жылдары — «Агронефтеснаб» ЖШС директоры. 2006-2009 жылдары «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
2010-2012 жылдары — «Green Energy Almaty» ЖШС директоры.
2012-2016 жылдары — «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры – коммерциялық директоры.
2016-2019 жылдары — «Samal Trans» ЖШС директорының кеңесшісі.
2019 жылғы сәуірден бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1068936
Пікірлер

Көрші сілтемелер