Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-1519654663 %37 %

Балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 10:57 - 2019/11/07




Нұр-Сұлтан қаласында «Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы» мен «Тарлан» мұз айдынының қызметін ұйымдастыру»  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде алғаш рет балалар арасында Паралимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше мүмкіндігі бар 220 бала спорттың 5 түрінен жарысты. Спортшылар елордаға Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлерінен келді. Балалар паралимпиядалық ойындары «ерекше» балалар арасында бейімделген спорттың мынадай түрлерінен өтті: бочча, пара үстел теннисі, пара таэквондо, пара каратэ және пара чирлидинг.

Бұл ретте чирлидинг алғаш рет инклюзивті жарыстар бағдарламасына енгізілгенін айта кеткен жөн. Іс-шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ ұйымдастырды. Балалар паралимпиядалық ойындарына бейімделген спорт бойынша ментальды бұзылыстары, БЦП, Даун синдромы бар балалар, сондай-ақ онкологияны жеңген жас спортшылар қатысты. Анара Алмасова – үш «ерекше» баланың анасы. Үлкен ұлы Арыстанбек 17 жаста, ал Нариман – 13 жаста. Екеуінде де ментальды бұзылулар бар. Жыл сайын олар бочча және таэквондомен шұғылданады, тіпті түрлі жарыстарға қатысады.

«Спорттың арқасында менің балаларым физикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар зияткерлік жағынан да дамып келеді. Ұлым Нариман өте ұзақ уақыт сөйлей алмады, бірақ ол бейімделген дене шынықтырумен айналыса бастағаннан кейін кітапқа қызығушылық танытып, буындарды оқи алатын болды. Қазір ұлым бұрынғыдан шыдамдырақ», — дейді Анара Алмасова. Бейімделген спорт бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетудің, физикалық дамуын ынталандыру үшін қажет. Қазір елімізде инклюзивті спорт секциялары ашылып, «ерекше» балаларға дене шынықтыруды оқыту әдістемесі әзірленіп жатыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1068926
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Индонезия жағалауында қ 28 min
Келес ауданының тұрғынд 1 sagt
Ақтөбеде «Nur Otan» пар 1 sagt
СҚО-да медициналық қызм 2 sagt
Бүгін дүниежүзілік диаб 2 sagt
Бердібек Сапарбаев жамб 2 sagt
Венецияда төтенше жағда 3 sagt
ҚХЛ: «Барыс» ресейлік к 3 sagt
Ақтөбеде оқушы өлімінен 3 sagt
15 қарашада ел аумағыны 3 sagt
Қадір түнінде жасалатын 3 sagt
Түркістанда спорт ғимар 3 sagt
АҚШ-тың білікті маманда 4 sagt
БҚО-да қорықшыға шабуыл 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Алдағы екі жылда Қызыло 4 sagt
Үкіметтік жұмыс тобы Жа 4 sagt
Өскеменде Жамбыл Жабаев 5 sagt
Ақтауда 200-дей отбасы 5 sagt
Процветающие рынки, как 5 sagt
Нұр-Сұлтанда көмір баға 5 sagt
ӘЗ-ЗӘҺИР СҰЛТАН БЕЙБАРЫ 5 sagt
Трамп пен Ердоған ортақ 5 sagt
Қазақстанның 40% аума 5 sagt
Таяу Шығыстағы шырғалаң 5 sagt
Два хадиса про омовение 5 sagt
Словакияда жантүршігерл 5 sagt
Дәурен Абаев: Әлеуметті 5 sagt
Өскемендегі шағын аудан 5 sagt
Дариға Назарбаева Армен 6 sagt