Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-1328054143 %57 %

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 10:51 - 2019/11/07




«Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен кездесу барысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды. А.Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

«Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді.

Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесуде Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму перспективалары, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне оның әсері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен идеологиялық саясаты сияқты мәселелер қозғалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысынан кейін Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Президент Әкімшілігі мен Үкіметте өткен жиындарда талқыланып, пысықтау жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

– Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Жуық арада кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді пысықтау керек. Содан кейін Ұлттық кеңестің екінші отырысы шақырылады, – деп қорытындылады Президент.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1068925
Пікірлер

Көрші сілтемелер