Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %

Нұр-Сұлтанда виртуалды ұшу аттракционы салынады | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:33 - 2019/10/10




Елорда әкімі А. Көлгінов, «Астана Конвеншн Бюро»  ЖШС директоры С. Айтекенов және «Kraftwerk» өкілі  К. Мёрфи еліміздің және елорданың көрікті жерлері бойынша виртуалды саяхат құру туралы жобаны іске асыруды талқылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.

Екіжақты кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Қала туризмін дамыту мәселелері бойынша UNWTO  8-ші жаһандық саммит аясында болды.  Бұл жоба бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары виртуалды ұшу арқылы елорданың және де еліміздің әдемі табиғаты мен көрікті жерлерін биіктен қарап, тамашалай алады.

Аталған саяхатты жасау барысында арнайы жел, судың сылдыры, иіс, құстың ұшқаны және де осы тектес әсер қалдыратын аэрофото-түсірілімдер, әр түрлі климаттық және дыбыстық арнайы әсер беретін көріністер қолданылатын болады.

«Kraftwerk» — инновациялық аудиовизуалды жүйе бойынша әлемдегі көшбасшы компания. Тараптар арасындағы келісім жобаны іске асыру жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді, яғни жоспарланған мерзім — алдағы жыл болып отыр. Осы секілді аттракциондар әлемде кеңінен қолданылады және де Москвада («Зарадье» саябағы), Чанша, Қытай («Beautiful Hunan»), Рутс, Германия, (Europa-Park «Voletarium: Flying Theater Attraction»», Дубай, Bollywood Parks («Krrish Hero’s Flight») және т.б. қалалар да бар.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1058203
Пікірлер

Көрші сілтемелер