Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-148222243 %57 %

Француздық компания Алматы облысында қатты қалдықтарға арналған екі заманауи полигон салады | Қазақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 13:21 - 2019/10/09




Әлемдік тәжірибесі бар француздық компания Алматы облысында қатты қалдықтарға арналған екі заманауи полигон салады. Полигондар Талдықорған және Алматы өңірлерінде орналастырылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың француздық «SUEZ» компаниясы мен отандық «Keremet Projects» компаниясы өкілдерімен болған кездесуде айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Компания жұмысы мен олардың жүзеге асырып жатқан жобалары туралы «SUEZ Group» компаниясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Тимоти Каржиль айтып берді.

Оның айтуынша, компания полигонды барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып салады, яғни фильтраттың жерге сіңбеуіне, оның жер асты суларын уламауына, ауаға зиянды затқтарды шығармауға баса назар аударады. Бұл ретте компания қалдықтарды өңдей отырып, мемлекет пен компания үшін энергияның көптеген түрлерін, соның ішінде биогаз, тыңайтқыш та шығарады. «SUEZ» қалдықтарды сегрегациялауға, яғни қоқыстарды өңдеуге және энергияға айналдыруға болатын қалдықтар, сонымен бірге өңдеуге келмейтін қалдықтар деп екі топқа бөлуге маманданған. Сол сияқты компания «дымқыл» деп аталып жүрген, жасыл электр энергиясын өндіруде пайдаланылатын муниципалды қалдықтарды өңдей алады.

Сонымен қатар өңдеуге келмейтін қалдықтарды жағу процесін да атқарады, бұл орайда міндетті түрде түтінді тазалау, одан әрі пайдалы энергия өндіру де қарастырылады.

«SUEZ» компаниясы мұндай технологияда әлемде көшбасшы саналады, өз қызметін 80 елде ұсынып отыр. Сол сияқты компанияның басқаруында әлем бойынша 100 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бар.

Компанияның қызметі туралы баяндаушылардың сөзін, жобаларының таныстырылымы жайлы тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов бірінші кезеңде іскерлік байланысты Талдықорған және Алматы өңірлерінде екі полигон салудан бастауды ұсынды:

— Бірінші полигонды Талдықорғандағы полигон базасында орналастырамыз. Сіздермен бірге бұл полигонға облыс орталығына жақын аудандардан, Текелі қаласы мен Талдықорғанның өзінен қалдық тасымалдау мәселесін ұйымдастырамыз. Сөйтіп, жылына 150 мың тоннаға жуық қалдық жинақталады. Екінші полигонды Алматы қаласына жақын маңнан салу керек. Бұл жаңа полигон болады. Оны халқы тығыз орналасқан Еңбекшіқазақ ауданынан салуды ұсынамын. Осы полигонға Талғар ауданынан, Алматы қаласы мен Іле ауданының бірқатар бөлігінен қоқыс жеткізілетін болады. Сіздермен бірге нақты іске кірісу үшін біз жұмыс тобын құрамыз, оның құрамына «SUEZ» және «Keremet Projects» компанияларының өкілдері, менің ТҮКШ саласына жетекшілік ететін орынбасарым, сол сияқты тиісті басқармалардың басшылары кіреді. Сіздер «Step by Step» технологиясы бойынша осы жобаның барлық детальдарын пысықтасаңыздар, біз өздеріңізбен бірлесіп жақын күндерде жобаны жүзеге асыру жұмыстарын бастаймыз, — деді А. Баталов.

Өз кезегінде «SUEZ» компаниясының өкілдері артылған сенім үшін ризашылықтарын жеткізіп, жобаны іске асырудың дайындық жұмысы сапалы болады деп сендірді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі «Мені сіздердің полигон салу туралы ойларыңыз қатты қызықтырды. Өйткені сіздердің компанияларыңыз барлық экологиялық талаптарды ескере отырып, арнайы технологиямен заманауи полигон салудан бастап, қоқысты өңдеу мен энергия түрлерін шығаруға дейінгі процестерді толық қамтиды. Біздің серіктестігіміз полигон құрылысын жүргізумен шектелмейді деп ойлаймын. Атап өтілген бағыттардың барлығы да ынтымақтаса жұмыс істеуімізге негіз бола алады», – дей келе, өзінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашовқа, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Б. Тәнекеновке осы жобаны іске асырудың барлық сатысында ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Қазақстандық «Keremet Projects» компаниясы жобаның барлық сатыларында жетекшілік етіп, полигон құрылысын жүзеге асыратын болады.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1057594
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбеде он жыл бұрын ж 5 min
Айтуар Өтегенов | Әдеби 29 min
Осы араны басып көріңіз 29 min
СҚО-да азық-түлік бағас 1 sagt
Роза Мұқанова | Әдебие 1 sagt
Грузияда нан фестивалі 1 sagt
Жаңаөзенде бизнеске қол 1 sagt
Қарағандыда дәмхананы « 1 sagt
«Алтын тұлпар» республи 1 sagt
Хамит Ерғалиев | Әдеби 1 sagt
Қазақстандық сәнгерлер 1 sagt
Үйінде темекі тартқан о 2 sagt
СҚО-да егін алқабының 9 2 sagt
Елордада әйелдерге арна 2 sagt
Дүйсенбіге арналған ауа 2 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 2 sagt
Атырауда ІТ саласының м 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Әбішев ісі. Адвокат не 2 sagt
Елизат Аязбек самбодан 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Ата-ананы құрметтеу – А 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Қазақстандық Италиядағы 3 sagt
Измениться ли вода, есл 4 sagt
Қызылордалық кәсіпкер ү 4 sagt
Бүгін Қазақстанда екінш 5 sagt
АҚШ боксшысы жекпе-жект 5 sagt