Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Елордалық мәслихат депутаттары «Жанұя» орталығының жұмысмен танысты | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:30 - 2019/10/09




Қалалық мәслихат депутаттары «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Ашылған уақыттан бері 6042 мәселе бойынша 3666 адам орталықтың көмегіне жүгінді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халық қалаулылары тұрғындарға бір терезе қағидасы бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік кеңес пен көмек көрсететін «Жанұя» орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ депутаттарға елордалық көп балалы аналарға жаңадан өз ісін бастап, табыс табуға үйрететін «Кәсіпкер ана» орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Айта кетейік, ашылған уақыттан бері бүгінгі күнге дейін 6042 мәселе бойынша 3666 адам орталықтың көмегіне жүгінді. Орталыққа келетін өтініштердің көбі атаулы әлеуметтік көмек, баспана, несие борышын өтеу мәселелеріне қатысты.  6042 өтініштің 4861-і бойынша жүйелі консультация берілді: АӘК есептеу жүргізіліп, құжаттарды жаңарту, кезекке қою, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ережесі түсіндірілді, несиелік борышын өтеу, бизнес ашу, көше саудасы, алимент борышын өндіру бойынша заңгерлік кеңес, көші-қон, заңсыз күреу, ажырасу және т.б. Сондай-ақ 1180 мәселе бойынша шешім қабылданды.  Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, жұмысқа тұрғызу, қысқа мерзімді курстарда оқыту. Бұған қоса, «Жанұя» орталығы қызметі  шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау бойынша және (емхана тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазу), психологиялық көмек көрсетілді. Орталық базасында 157 іс-шара өткізіліп, ол 4500 адамды қамтыды. Мұнда қала әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрақты түрде жеке кездесу өткізіп, халықпен жұмыс істейді. Әр апта сайын ата-аналар, оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арғанған психологиялық және мотивациялық тренингтер өтіп тұрады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1057525
Пікірлер

Көрші сілтемелер