Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Ноғаев: Адамның адамгершілік қасиеті отбасында қалыптасады ​ | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:36 - 2019/09/10




Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Мерейлі отбасы-2019» дәстүрлі ұлттық байқауының қорытындысымен Қазақстанда үздік болып танылған Тілекқабыловтар отбасын қабылдады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңір басшысы оларды үлкен жетістігімен және лайықты марапатымен құттықтап, адамның адамгершілік қасиеті отбасында қалыптасатынын атап өтті. Отбасылық құндылықтарды нығайту қажет екенін Елбасы да басып айтқан болатын. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі.

— Мемлекетіміз көпбалалы отбасыларына, жас буынды тәрбиелеуге зор көңіл бөліп отыр. Балаларыңызды тәрбиелеп, білім беруді мақсат қылған сіздер де ​ осыған өз үлестеріңізді қосып отырсыздар,- деді Нұрлан Ноғаев. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

— Сегіз бала өскен үлкен отбасымызда ата-анамыз біздерді, кейін немерелерін туғаныңды жақсы көріп, қамқорлаңдар, үлкенді сыйлаңдар, отбасылық құндылықтарды ұстаныңдар деп үйреткен еді. Бұл жеңіс бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, басқаларға үлгі болуымыз керек, – дейді үлгілі отбасының отағасы Асхат Тілекқабыл. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Үздік болып танылған отбасылық жұптың саналы өмірі мектеппен байланысты. Асхат Төлешұлы Индер ауданының Есбол ауылында мектеп директоры болып қызмет етсе, жұбайы Нарни Абдоллақызы осы мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген олардың отбасылық бақытының негізі – өзара сыйластық, түсіністік, бірін-бірі қолдауы. ​

​ ​ ​​ ​ Лайықты ұрпақ тәрбиелеп, тату-тәтті, жарасымды өмірімен көпбалалы отбасының мәртебесін көтеруге өзіндік үлесін қосып отырған Тілекқабыловтар отбасына облыс әкімі ризашылығын білдіріп, оларға бақ-береке тіледі. ​

​ ​ ​ ​Еске сала кетейік,«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының өңірлік кезеңіне 108 отбасы қатысқан еді. Іріктеу нәтижесінде республикалық байқаудың финалдық кезеңіне тек екі отбасы өтті – Индер ауданынан Тілекқабыловтар және Құрманғазы ауданынан Бақтыгереевтер. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1046153
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбе облысында жетінш 4 min
Ковалев пен Альварес ал 14 min
"Астана" "Манчестер Юна 24 min
Рамазан қарсаңында меші 24 min
Интернет жұлдызы тікеле 1 sagt
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 2 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 4 sagt