Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %

Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 14:39 - 2019/09/10




Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Ресейден жеңілді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Калининградта өткен I тобының алтыншы айналымында 1:0 есебімен алаң иелері басым түсті.

Ойын басталғанда Қазақстан құрамасының сапында Бауыржан Исламхан болмады, ол алаңға 651-ші минутта шықты. Бірінші тайм тең аяқталды. Ойынның 63-ші минутында Ресей құрамасында бірден үш адам ауысты. Қазақстан құрамасы дереу контршабуылға көшті, алайда қақпашыға айтарлықтай қауіп төндіре алмады.

Ойын соңында (89-шы минутта) Ресей құрамасында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Марио Фернандес өз командасына жеңіс алып келді.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Кипр футболшыларымен тең ойнады. Ойын Никосия қаласында өтті және есеп 1:1 болды.

Келесі ойындарды Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізеді: 10 қазанда Кипр құрамасы, 13-нде Бельгия. Қарашада Сан-Марино мен Шотландияға қарсы ойындар бар.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1046120
Пікірлер

Көрші сілтемелер