Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Тұтынушыларға айтарлықтай салмақ түсірген | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 18:39 - 2019/09/09




«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленовқа «Астанаэнергосервис» АҚ-ның заңсыз қызметі туралы депутаттық сауал жолдады. Айта кетейік, осыған дейін партия депутаттары 2019 жылы 19 маусымында осы мәселені көтерген болатын. Бұл туралы www.parlam.kz сайтында хабарланды.

Дептуттық сауалда: «Біздің сауалға жауапты 5 шілде күні сіздің орынбасарыңыздан алдық. Бұл, өз кезегінде «Парлмент және оның депутаттары» туралы Заңды бұзу болып табылады. Себебі ол Заңға сәйкес, жауапқа тікелей сауал жолданған адам жауап беруі тиіс.

Бұдан басқа, «Ақ жол» фракциясы депутаттарының тікелей сұрақтарына нақты ақпарат берілген жоқ. Тек бүгін, яғни 4 қыркүйекте БАҚ-тарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімімен аталмыш акционерлік қоғамның жабылуы (таратылуы) туралы ақпарат тарады. Бұл шешім қалаға жылына бір миллиард теңге көлеміндегі  қаражатты  үнемдеуге мүмкіндік беретіні анық»,-деп атап өткен.

Аталған сауалда біз аталмыш акционерлік қоғамның әрекеті (қызметі) көп жылдар аралығында (бойы) тұтынушыларға айтарлықтай салмақ түсіргенін баса айтқан.

Компанияның бір ғана еңбек ақысы 600 млн.теңгені құрайды. Ал бірнеше басшылардың  еңбек ақысы сыйақылар мен бонустарды есептемегенде (санамағанда) 1,5 млн. теңгеге жеткен. Бұған қоса, кеңселер мен қызмет көліктері де бар. Бұл қаржы негізсіз тарифтерді төлеген мыңдаған тұрғындардың қалтасы есебінен «құйылған».

«Ақ жол» фракциясының депутатттары 19 маусымдағы сауалында атап өтілген делдалдың жұмысын тоқтатуды талап етті.

Жоғарады атап өтілгендей, «Ақ жол» фракциясының депутаттары:

Осы іспеттес жағдайларды барлық аймақтарда талдап, «ештеңе шығармастан ( «өндірместен) тұрғындардың  қаржысын иеленген компанияларды жабуды;

Тұрғындардың делдалдарға кеткен коммуналдық төлемдерінің бір бөлігін қайтару (өтеу) мәселесін қарастыруды;

Депутаттардың сауалына қисынсыз жауап берген министрлік қызметкерлерін жауапқа тартуды  сұрайды.

Дайындағандар:

Үміт ЖҰМАДІЛОВА,

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1045792
Пікірлер

Көрші сілтемелер