Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %

ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 17:18 - 2019/09/09




Елордада «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген, режиссер Мұрат Бидосовтың «Қаламгер» драмасының тұсаукесері өтті. Көркем фильмнің сценарийін  Сержан Зәкерұлы  жазған.

Картинада өткен ғасырдың 70-80-жылдарында өмір сүрген қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы суреттеледі. Сол замандағы дүйім жұрттың барын баптап, жоғын жоқтаумен жүрген қарымы мол қазақ жазушыларының  бастан кешкен нәубеттері, заман мен адам ағымындағы қарама-қайшылықтар, билік пен бұқара арасындағы байланыс осы фильмге арқау болған.

Оқиға желісі бойынша Алаш әдебиеті тақырыбында мақала жазып көзге түскен Сәтжан есімді жас жазушы белгілі профессордың шақыруымен Алматыға келеді. Жазушылар одағына жұмысқа орналасып, профессордың жетекшілігімен атын атауға тиым салынған Алаш әдебиетінің ақтаңдақ беттерімен тереңдей танысып, ғылыми дисертациясын жазуға кіріседі. Жазушылар арасында Орталық Комитеттің көзі мен құлағы болып жүретіндер Сәтжанның әр басқан қадамын аңдып, оның ісіне барынша тосқауыл қояды.

Жалпы фильм өмірде болған адамдардың прототиптері арқылы, олардың басынан кешкен нақты оқиғаларына сүйене отырып сол дәуірдің тыныс-тіршілігін көрсетеді. «Туынды кейіпкерлерінің көпшілігі тарихи тұлғалар. 70 жылдарда өмір кешкен ақын-жазушылар. Бұл тарихи оқиғалар мен шынайы адамдардың басынан кешкендері болғанымен, көркем туындыға тән оқиға желісі де қатар өрбиді. Тарихи тұлғалармен қатар, көркем образдар да қосылған. Туындыдағы бас кейіпкер Сәтжан өз дәуіріндегі қаламгер қауымының жиынтық образы болса, оған қарсы тұратын жағымсыз кейіпкер де сол дәуірдегі партияның сойылын соққан, уақыттың құрбаны деугеде болады» — дейді «Қаламгер» фильмінің сценарий авторы Сержан Зәкерұлы.

Фильмге көрнекті жазушы Дулат Исабеков және ақын Бақыт Беделхандар кеңесші ретінде тартылып, туындының жалпы мазмұны мен көркемдік талаптары сол кісілердің сүзгісінен өткен.

Картинада басты рөлдерді Бағдаулет Шаймахан, Жалғас Толғанбай, Наргиз Алтайбай, Ергенбай Абуев, Досжан Жанботаев, Балтабай Сейітмамытов, Кенен Ақүрпеков, Айдар Аманбай және т.б. актерлар сомдайды.

Туынды 12 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1045727
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 10 min
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 27 min
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 1 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 1 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 2 sagt
Менің жазғы демалысым 2 sagt
Оралда қос автокөлік тү 2 sagt
Шамалғандағы апат бойын 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Апаттан зардап шеккенде 2 sagt
Хабарландыру! – S 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 3 sagt
Шамалғандағы апат болға 3 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Бішкекте барысты қорғау 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
А каков твой намаз?! | 4 sagt
Алматы облысындағы жол 4 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 4 sagt