Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Асанәлі Әшімов «Киношок» фестивалінде үздік ер адам рөлі жүлдесімен марапатталды | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:15 - 2019/09/09




Қазақ киносының мэтрі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов режиссер Хуат Ахметовтың «Әруақ» фильмінде сомдаған рөлі үшін 2019 жылы 1-8 қыркүйек аралығында Анапа қаласында өткен «Киношок» кинофестивалінде үздік ер адам рөлі жүлдесімен марапатталды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Әруақ» фильмі екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы туралы баяндайды. Естеріңізге сала кетсек, «Әруақ» фильмі өткен жылы XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетіліп, биыл көктемде прокатқа шыққан болатын.

Аталған кинофестивальдің негізгі байқауына қатысқан «Шырақшы» фильмі де екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Басты рөлді сомдаған актер Мұратжан Мұқажанов «Кино өнеріне адал кейіпкердің образын ғажап сомдағаны үшін» қазылар алқасының дипломымен марапатталса, фильмнің операторы Мартин Сечанов «Толықметражды фильмде үздік оператолық жұмыс үшін» жүлдесіне ие болды. «Шырақшы» фильмі соғыстан оралған жауынгердің тарихын баяндайды. Оның қолында құтқарылған неміс қартының сыйы – ескі кинопроекторы бар. Өмірінің соңына дейін солдат сол кинопроектормен айырылмай жүреді. Аталған фильмнің әлемдік тұсаукесері үстіміздегі жылы маусым айында XXII Шанхай халықаралық кинофестивалінің аясында өтті.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1045625
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ковалев пен Альварес ал 4 min
"Астана" "Манчестер Юна 14 min
Рамазан қарсаңында меші 14 min
Интернет жұлдызы тікеле 24 min
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 1 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 3 sagt
Балалар музыкамен айнал 3 sagt