Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-15615321146 %54 %
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17515415137 %63 %

Абай университеті GMAT форматында кешенді тестілеу өткізді | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 15:24 - 2019/08/12




2019 жылдың 10 тамызында еліміздің тұңғыш педагогикалық оқу орны  — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде GMAT форматындағы кешенді тестілеудің — магистратураның білім беру бағдарламалары топтарына түсу емтихандарының ашылуы өтті.

Іс-шараға университет ректоры Такир Балықбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы Қайрат Сүнтаев, оның бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, Арнайы мониторингтік топтың мүшелері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері, университет басшылығы мен қабылдау комиссиясының қызметкерлері қатысты.

Емтихан алдындағы тестілеудің ашықтығын және тестілеу нормаларының бұзылмауын қамтамасыз ету мақсатында ректор Такир Балықбаев Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерін, Арнайы мониторингтік топтың мүшелерін ҚР Білім және ғылым министрлігі комиссиясының құрамымен, тестілеу және комиссия құрамының жұмысымен таныстырып, аудиторияларда орнатылған бейнебақылауға арналған техникалық құралдарды ұсынды.

Тестілеу барысын ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев барлық талапкерлерді тестілеу ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етіп, GMAT (Graduate Management Admission Test) форматы туралы ақпарат берді, сонымен қатар емтихан тапсырушыларға сәттілік тіледі.

Биыл алғаш рет GMAT форматындағы тестілеу үдерісін Білім және ғылым министрлігінің комиссиясымен және Ұлттық тестілеу орталығымен бірге Арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылайтын болады. Үміткерлердің ата-аналары кешенді тестілеу барысын онлайн режимінде оқу ғимаратының сыртында орнатылған экрандар арқылы бақылай алады. Сонымен қатар, аудиторияларда талапкерлерге ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған.

Тестілеу кезінде жоғары балл жинаған талапкерлер грантқа ие болады және оқу үшін университетті өздері таңдайды. Білім саласындағы бұл бастама мемлекеттік грант орындарын табыстау үдерісінің ашықтығы мен айқындылығын, сонымен қатар университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Римма Жанбаева

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1033413
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 4 min
Теннистен Азияның коман 19 min
Қарқаралының ұлттық пар 24 min
Көліктегі көп ойлар 1 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 1 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 1 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 1 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 1 sagt
Атырау облысында бетон 1 sagt
Исламдық қаржыланды 1 sagt
Индонезияда кеме өртені 2 sagt
Еліміз шеберлері қазан 2 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 2 sagt
Қазақстанда алғаш рет: 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Бразиля пәрләменті қауы 2 sagt
Полицейлер қарттар үйін 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы мен 2 sagt
1800-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚС 2 sagt
Шетелдегі жүңгөліқ мұһа 3 sagt
Қазақстан қажылық мисси 3 sagt
Елорда әкімі тұрғын үй 3 sagt
А қ ш - ның сыңар жақты 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Мемлекеттік қызмет істе 3 sagt
Әнглянің еврөпә одағына 4 sagt
Виртуалды зертхана мект 4 sagt
Киевте қонақүйден өрт ш 4 sagt