Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16470140937 %63 %

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы | Қаза



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 10:18 - 2019/08/12




Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық,
құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Қасым-Жомарт Тоқаев


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1033271
Пікірлер

Көрші сілтемелер