Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %

Мұз дәуірі | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 12:39 - 2019/07/11




Төрт мұз дәуірінің ең көнесі – гюнцнебрасск дәуірі (басталуы – бұдан 1 миллион жыл шамасы бұрын, аяқталуы – 600 мың жыл шамасы бұрынырақта), ол Батыс Еуропаның, Канаданың территориясын және АҚШ аумағының біраз бөлігін ­жауып жатқан мұзарттары арқылы белгілі.
Содан соң мұз шегініп, бірнеше жүз мың жыл бойы жылынғаннан кейін ­Еуропа мен Солтүстік Америкада жаңадан мұз басу дәуірі басталды, ол рисскднепровск-иллинойск дәуірі деп аталды (шамамен, 200-100 мың жыл бұрын), бұл кезеңде Шығыс Еуропадағы мұзарттар солтүстік ендіктің 48 градусына жетті. Жаңа жылу мұздың Еуразия мен Солтүстік Америка континенттері шеңберінен шегінуіне әкеп соқты, бірақ одан соң тағы бір ең соңғы мұз басу – вюрмск-висло-валдай-висконсин дәуірі келді. Ол осы­дан шамамен 75 мың жыл бұрын басталып, 10 мың жыл бұрын аяқталды. Соңғы мұз басудың орнына келген жылу біздің заманымызға дейінгі уақытты қамтиды. Ол солтүстік ендіктерде, әсіресе викингтер дәуірі дейтін кезеңде (өткен мың жылдықтың аяғы – үстіміздегі мың жылдықтың басы) шегіне жетті, бұл уақытта Скандинавиядан шыққан викингтер Солтүстік Атлантиканың мұздан ада сулары арқылы Исландияға, Оңтүстік Гренландияға, тіпті Солтүстік Америкадағы Лабрадор мен Ньюфаундлендке жетіп, сол жерлерді мекен ете бастады. Алайда ХІІ ғасырда жылу тоқтай бастағанының алғашқы белгілері білінді және ХV-ХVІІ ғасырларда кіші мұз басу, яғни кіші мұз дәуірі басталды, бұл жылдары бүкіл Гренландияны қайыра мұз құрсаулап, Альпі мұзарттары Орталық Еуропа алқаптарына қарай жылжыды, сөйтіп, Еуропаның барлық қоңыржай белдеуін өте қатал қыс жайлады. Қайыра жылу ХІХ ғасырдың аяғында басталып, біздің ғасырымызға жалғасты, бірақ ол 40-жылдары тоқтады да, одан соң, 60-жылдары суыққа қайта ұласты.

Нұрлан ҚҰМАР 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1021837
Пікірлер

Көрші сілтемелер