Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-179534126 %74 %

АХМЕТЖАН ЕСІМОВ ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:27 - 2019/07/11




«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан Президенті Руслан Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ, химия өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мен «Татнефть» ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстанда мұнай өңдеу, мұнай-химия және газ-химия объектілерін жобалау және жаңғырту, сондай-ақ мұнай өндіру технологияларын, цифрлық технологияларды енгізу бойынша жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастастық туралы келісімге келді.

Татарстан Президенті сауда миссияларының шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Атап өткен жөн, Татарстанның мұнай-химия өнеркәсібі мұнай өндіру саласында ең дамыған елдердің бірі.

Бұдан басқа, тараптар Казань қаласының маңындағы «Инополис» инновациялық орталығының аясында Қормен болашақта жоспарланған ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, ғылыми, жоғары технологиялық экожүйелерді құру, соның ішінде бизнес-модельді қалыптастыру, күтілетін нәтижелер мен инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алмасу салаларын сөз етті.

Кездесу соңында Қор басшысы президентке жекешелендіру бағдарламасын ұсынды. Айта кеткен жөн, Қор 2015 жылы Үкіметтің қабылданған Кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға қатысады. Жоспарға енгізілген Қор тобы активтерінің 80%-дан астамы жүзеге асырылды. Олардың маңыздыларының бірі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 15% қатысу үлесін 2018 жылдың қараша айында IPO-ға орналастыру болды. Сондай-ақ, алдағы жылдары Қордың 8 негізгі компанияларын, оның ішінде «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық Энерго», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан Темір Жолы» және «Qazaq Air» компанияларының акцияларын орналастыру немесе стратегиялық сату жоспарланып отыр.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

жөніндегі департаменті


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1021791
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ауа райы: Шілденің 17 к 12 min
Ж к п орталық көмитеті 15 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 1 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 1 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 1 sagt
Өңтүстік райондарда бір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 2 sagt
Түркістан облысында жол 3 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 3 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 3 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 3 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 4 sagt
2500-ден астам астаналы 4 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 4 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 5 sagt
Ақмола облысында жол ап 5 sagt
Елордалық аз қамтылған 5 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 5 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 5 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 5 sagt
Алты жастан төменгі бал 5 sagt
Қарағандылықтар аймақта 5 sagt
Казахстанцы могут обрат 6 sagt
Қазақстандық балуан қыз 6 sagt