Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-0737377851 %49 %

Германия инвесторлары Атырау облысымен серіктестікті кеңейтуге мүдделі | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:18 - 2019/07/11




Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннермен кездесті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуде екі ел арасындағы әлеуметтік, мәдени және экономикалық салалардағы екіжақты қарым-қатынастың даму қарқыны талқыланды.

Аймақ басшысы Германия өкіліне Атырау өңіріндегі инвестициялық мүмкіндіктер мен шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан тарапынан қойылатын шарттар туралы айтып берді.

— Елбасы мен Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Өздеріңіз көріп жүргендеріңіздей Атырау облысының базарларында әр түрлі елдерден келген ірі компаниялар табысты жұмыс істеуде. Бұл бір мыңнан астам шетелдік компаниялар. Біздің өңірімізде неміс капиталының үлестік қатысуымен 24 кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі таңда Атырау облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 53 миллион долларды құрап отыр. Біздің пікірімізше, бұл біздің облысымыз бен сіздің еліңіздің арасындағы барлық әлеуетті көрсетпейді. Тауар айналымын дамыту және арттыру үшін жақсы жұмыстар бар. Сіздің сапарыңыз және неміс бизнес өкілдерінің кездесуіне қатысуыңыз, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін, деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі Германия экономикасына шағын және орта бизнес елеулі үлес қосатынын атап өтті. Бірлескен жобалар күмәнсіз біздің еліміздің экономикасына пайдалы болады.
Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі Тило Клинер облыс әкіміне неміс бизнесінің өкілдерін қабылдап, олардың Атырау нарығына қатысуын кеңейтуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

— Герман бизнесі өзінің жоғары әртараптандырылуымен ерекшеленеді. Сондықтан біз осы кездесуге экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін компанияларды шақырдық. Қазақстан біздің елмен тауар айналымында оң сальдосы бар санаулы елдердің бірі. Қазір біз өзара тиімді ынтымақтастықты жақсартып,сондай-ақ әрі қарай да жақсартатын кезеңде тұрмыз, -дейді Тило Клиннер.

Елші мырза елінің біздің компанияларымыздың экономикалық байланыстарын кеңейтуге және шағын және орта бизнесті, сондай-ақ бизнес-әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Атырауға Герман экономикасы Одағына қосылған 20-дан астам компания келді. Бұл құрылым экономиканың түрлі салаларында – медицина, білім беру, аграрлық сектор, коммуникация, тау-кен өндірісі салаларында өзара тиімді ынтымақтастық үшін неғұрлым тиімді жол береді.

Кездесу соңында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бизнес-құрылымдар өкілдеріне, жергілікті атқарушы билік өңірдің экономикасын дамуы үшін тиімді жобалар үшін келіссөздерге дайын екеніне сендірді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1021785
Пікірлер

Көрші сілтемелер