Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-21488310821 %79 %
2019-07-22557193641 %59 %
2019-07-23315106937 %63 %

АРЫС: 65 АДАМ ЕМХАНАДАН ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 11:48 - 2019/07/10




4 сектор штабында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша  брифинг болып өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Брифингке ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Қорғаныс минстрлігінің өкілі Қайыргелді Хусайынов, Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Марат Пашимов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет  Қилыбай қатысты. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков қала тұрғындарына түсіндерме жұмыстарын жүргізу үшін 800-ге жуық белсенді тартылып, жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеді.

«Арыс қаласы тұрғындарының игілігі үшін алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар атқарылады. Осы аптаның аяғында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі екінші рет өткізіліп, қала тұрғындары азық-түлік, көкөніс, ет өнімдерін арзандатылған бағада ала алады. Сонымен қатар Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында «Мейір» ардагерлер үйі мен «Ардегерлер үйіне» 800 ардагерді демалысқа жіберу көзделіп, бүгінгі таңға дейін 400 ардагер аталмыш орындарға аттанды. 4000 баланы республикамыздың әр аймағындағы жазғы лагерлерге жіберу жоспарланып, қазіргі күнге дейін 1395 бала жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберілді», – деді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минстрі Қайырбек Өскенбаев бүгінгі таңда тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асып жатқандығын жеткізді. «Алғашқы деректер бойынша 27 тұрғын үй тұруға жарамсыз деп танылса, бағалау нәтижелері бойынша олардың саны 149-ға жетті. Барлық үйлер бағаланып жатыр. Жақын арада түгелдей қалпына келтіріледі, – деді Қ.Өскенбаев. ҚР Қорғаныс минстрлігінің өкілі Қайыргелді  Хусайынов қазіргі таңда Арыс қаласынан 20 шақырым жердегі аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, қойма да тазаланатынын жеткізді. Ал облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов апат салдарынан ауруханаға түскен 65 науқас толықтай жазылып үйлеріне оралғанын, бүгінгі таңда Арыс қаласының 3 тұрғыны ем алып жатқандығын, барлығының жағдайлары қалыпты екендігін айтты. Арыс қаласындағы 4-секторға жауапты болып бекітілген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет  Қилыбай осы аумақтағы тұрғын үйлерді бағалап, қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.

 

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1021330
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Құрылыста отандық матер 4 min
Арасанда шяңзысу саяхат 4 min
Аптап ыстық қашанға дей 4 min
Еліміз жаратылыстық бай 4 min
Ержан Жиенбаев ҚР Премь 4 min
Ресей реваншистері туы 4 min
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 4 min
Еліміздің бірқатар өңір 7 min
Ақмолада киікті қорғаға 10 min
Осы араны басып көріңіз 14 min
Үй жағдайындағы тырнақ 19 min
Елімізде қанша көл мен 19 min
Шымкент жастарының құқ 24 min
Автономялы райондық әйе 24 min
Тоғызыншы қабаттан құла 25 min
Қазақстан 60-тан аса ел 1 sagt
Алғашқы нәтижеге қараға 1 sagt
”шинжяңның ауыл шаруашы 1 sagt
Бұл Президент сынын ха 1 sagt
Жас босанған әйелдің өл 1 sagt
Жерді сату және жалға б 1 sagt
Ардақ Назаров жастарды 1 sagt
Ақмолада киікті қорғаға 1 sagt
Шетелдік жұмыс күші бар 1 sagt
Желтоқсанда жаңа Эколог 1 sagt
Үлкен наншан халықаралы 1 sagt
Сыртқы сауда дамуының с 1 sagt
Линжың юе – ы зорлықты 1 sagt
Агроөнеркәсіптік кешен 1 sagt
Египет шара қолданып, ә 1 sagt