Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өзбекстаннан 101 млн теңгенің медициналық жүгін ел аумағына жеткізу мәселесі оң шешілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 05:10 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/ozbekstannan-101-mln-tengenin-meditsinalyk-zhugin-el-aumagyna-zhetkizu-maselesi-on-sheshildi


Өзбекстан Республикасынан жалпы сомасы 101 млн теңгенің медициналық гуманитарлық жүктерін ел аумағына жеткізу мәселесі Кәсіпкерлік палатаның араласуымен оң шешілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Гуманитарлық жүк ағымдағы жылдың 8 маусымында Түркістан қаласы аумағына жеткізілген. Ол кезде Алматы және Түркістан қаласы аумағында енгізілген карантиндік шаралар салдарынан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстары шектелген еді. Серіктестіктің тауарға арналған құжаттарында бұл жүктің гуманитарлық болып табылатынын және коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтынын растайтын анықтамасы болмаған. 

«Облыс аумағында короновирустық инфекцияның таралу кезінде медициналық бұйымдарға деген жоғары қажеттілікті ескере отырып, біз, яғни Кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кеден қызметінің өкілдерімен келіссөздер жүргіздік. Көрсетілген шұғыл көмек нәтижесінде гуманитарлық жүк құжаттарын ресімдеу бойынша барлық іс-шаралар дереу аяқталды», - деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Нұрсұлтан Кәрімбаев. 

Айта кетейік, рұқсат құжаттарын уақтылы алмаған жағдайда, кәсіпкерге тауар салмағына ҚҚС сомасын, яғни 16 млн теңге төлеуге тура келетін еді. «AIBI-AI» ЖШС тасымалдаған гуманитарлық көмектің ішінде 440 дана аурухана кереуеті мен 150 мың дана медициналық маска, 150 мың дана бір реттік қолғаптар мен 2 500 дана қорғаныс киімі және 1 мың дана термометр бар болған. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1211404
Пікірлер

Көрші сілтемелер