Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:10 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/sinoptikter-birneshe-onirde-eskertu-zhariyalady12


«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 1 шілдеге бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с артады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде оның күші 15-20 м/с артады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1211384
Пікірлер

Көрші сілтемелер