Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12622160141 %59 %

«Жәрдем» пойызы: Ақтөбе облысында қант диабеті мен демікпе кең тараған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/11/09


Ақтөбе облысында шалғайдағы 15 стансасының тұрғындарына «Жәрдем» медициналық пойызының мамандары тегін медициналық кеңестер мен алғашқы медициналық көмек берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Атырау облысының елді мекендерін аралауды бастады, алдағы екі аптада ол облыстың 9 шалғай ауылына тоқтайтын болады.

«Жәрдем» консультативті-диагностикалық пойызының мамандары 4 702 тұрғынды, оның ішінде Ақтөбе облысында 847 баланы тексерді. Жалпы, медициналық тексеру саны - 28 090. 13 шағын хирургиялық ота жасалды. Хирург дәрігердің тексеруінде 1 543 адам болды, уролог дәрігерге 1 868 адам, гинекологқа 1 680 адам қаралған.

Емделушілердің көп бөлігі терапевт дәрігерге келген – 4 702 адам, невропатолог - 4 006, офтальмолог – 3 422 адам, ЛОР-маманы 2 934 науқасты қабылдады.

Барлығы пойыз дәрігерлері 2 143 ЭКГ процедурасын, 724 ультрадыбыстық зерттеу және 342 флюорография өткізді.

«Біз бірқатар ауруларды анықтадық, олардың ішінде ең көп тарағаны - қан қысымы, қант диабеті, бронх демікпесі. Ересектердің арасында алқым ісуі жиі кездеседі, ал балалардың арасында темір тапшылығы анемиясы, ЖРВИ және күрделі бронхит көп кездеседі. Мұндай жағдайларда біз пациенттерге не істеу керек, кіммен байланысу туралы кеңес береміз және қажет болған жағдайда негізгі терапия тағайындаймыз»,- дейді пойыздың жалпы тәжірибелік дәрігері Зарина Елмұратова.

Пойыздың жұмыс барысында дәрігерлер кейде төтенше ауыр жағдайларға да тап болды.

«Бізге 1939 жылы туған пациент тексеріске келді, біз ол кісіде гемоглобиннің өте төмен деңгейін анықтадық – норма бойынша 130-170 болудың орнына ол кісіде 48 болды. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылып, ол кісі ауыр темір тапшылығы анемиясы диагнозымен ауруханаға жатқызылды», - дейді «Жәрдем» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.

Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог және стоматолог секілді барлық сала дәрігері бар.

Науқастар медициналық мамандардан тұрақты тексеруден өту мүмкіндігі олар үшін өте маңызды екендігін атап өтіп, зор ризашылықтарын білдіріп жатыр.

«Біз балаларымызбен медицианлық пойыз дәрігерлеріне тексеруге осымен екінші рет қатарынан келдік. Бастапқыда мен жалғыз келдім. Біз стоматолог және ЛОР дәрігердің қабылдауында болдық, бізге дәрігерлер бәрі жақсы деп айтты. Дәрігерлерге олардың жұмыстары үшін алғыс айтамыз»,- дейді Шұбарқұдық ауылының тұрғыны Жанар Бекназарова.

«Жәрдем» медициналық пойызы «Денсаулық» медициналық пойызымен бірге бүгінгі күнге дейін республиканың 50 мыңнан астам тұрғынын тексеруден өткізді.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069884
Пікірлер

Көрші сілтемелер