Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12622160141 %59 %

Орал әуежайы ғимаратының құрылысы жарты жылға созылуы мүмкін



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/11/09


Орал әуежайы ғимаратының құрылысы жарты жылға созылуы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Орал» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дияс Жәнібековтің айтуынша, биыл шілдеде басталған ғимаратты қайта салу жұмысын алдағы жылдың күзінде аяқтау көзделген болатын.

Алайда бұзу жұмыстары кезінде ғимараттың іргетасы қатты отырып кеткені анықталды.

«Осыған байланысты жобаны қайта нақтылау қажеттігі туындады. Қазір осы жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті құрылыс мерзімі алты айға ұзарып, шамамен 2021 жылдың көктеміне дейін созылуы мүмкін», деді Д.Жәнібеков.

Салынғанына қырық жыл болған аталмыш ғимарат содан бері жөндеу көрмеген болатын. Оны қайта жаңғырту құны 3,2 млрд теңгеге бағаланған еді. Ғимарат іске қосылған кезде аумағы анағұрлым кеңейеді.

«Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС бас директоры Хайретдин Расқалиевтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жолаушылар өтіп жатқан ғимарат өте тар болғандықтан әуе рейстері соған сәйкестендірілді. Яғни кептеліс болмас үшін рейстер арасы кемінде екі сағатқа ұзартылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069880
Пікірлер

Көрші сілтемелер