Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12622160141 %59 %

Қазақстанда электромобильдерге сұраныс 2 есеге азайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/11/09


«ҚазАвтоӨндіріс» кәсіпорындар одағы жыл басынан бері елімізде автокөліктерді тіркеу қарқынына қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорындар одағының хабарлауынша, жыл басынан бері полиция органдары 1 232 872 автокөлікті тіркеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2 пайызға жоғары көрсеткіш. Оның ішінде 1 149 542 көлік екінші рет тіркелген. Ал 2019 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша тіркелген көліктердің саны 139 575 бірлікке жетіп отыр.

«Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныс 2 есе азайды. 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан аумағында 24 электр көлік тіркелген. Ал бір жыл бұрын 10 айдың ішінде 47 электромобиль сатылған болатын. Сонымен қатар, 2019 жылдың басынан бастап қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екі бөлігінен астамының (69,3%) пайдаланғанына 10 жылдан асқан. Ең үлкен үлес 20 жылдан асқан көліктерге тиесілі (41,7% немесе 479 869 көлік). 11-20 жылға дейінгі көліктердің үлесі 27,6 пайыз болса (316 713), 4 жылдан 7 жылға дейінгі көліктер 20,6 пайыздық (236 768) дана), 8 жастан 10 жасқа дейінгі көліктер 6,0 пайыздық (68 736), 1 жылдан 3 жылға дейінгі көліктер 3,5 пайыздық (40 181) үлеске ие», - делінген хабарламада.

Автокөлік нарығындағы динамика серпіні отандық автопарктің біртіндеп ескіріп бара жатқанын көрсетеді. Осылайша, пайдаланғанына 20 жылдан асқан көлік құралдарының қайталама нарықтағы сатылымдағы үлесі 2018 жылғы қаңтар-қазан айларындағы 39,6 пайыздан 41,7 пайызға дейін өскен. Ал пайдаланғанына 1 жылдан 3 жылға дейінгі көлік құралдары сатылымының үлесінің төмендегені байқалады.

«2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қайталама тіркеулердің ең көбі - Алматы облысында (174 410), Алматы қаласында (144 324) және Түркістан облысында (104 689) тіркелді. 20 жылдан асқан көліктердің ең көп санын Алматы облысының тұрғындары (99 344 бірлік; 20,7%) тіркеді. Пайдаланғанына бір жыл болмай жатып сатылған көліктердің ең көбі - Алматы (1 609, 22,1%) және Нұр-Сұлтан (987, 13,6%), сонымен қатар Атырау (640) облысында тіркелді», - делінген хабарламада.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069867
Пікірлер

Көрші сілтемелер