Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-17953306341 %59 %

Гонкур премиясы жоғалған бақытты сағыну туралы ностальгиялық романға берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 13:40 - 2019/11/09


4 қараша күні Парижде Франциядағы ең престижді әдеби марапат саналатын Гонкур премиясын табыстау салтанаты өтті.

Биыл Жан-Поль Дюбуа есімді жазушы лауреат атанды. Оның "Барлық адам бірдей өмір сүрмейді" (Tous les hommes n'habitent pas le monde de la même façon) атты романы өте жоғары бағаланды. Дюбуаның өзі бұл марапатты табыстау рәсімінде "адам сенгісіз күй кешкенін" айтты.



Гонкур премиясының әділқазылар алқасы "Барлық адам бірдей өмір сүрмейді" туындысын "жоғалған бақытты сағыну туралы ностальгиялық роман" деп хабарлады. Жалпы Дюбуаның шығармашылығына Филип Рот пен Джон Апдайк сынды америкалық жазушылар ықпалы зор болған.



Осы негізгі марапаттан бөлек, Гонкур академиясы жыл сайын роман, поэзия, новелла, биография жанрлары бойынша үздік дебюттерді анықтап отырады.

Соңғы уақыттарда өзге елдерде тұратын француз тілді жазушылар да елене бастады. Мысалы, Франция Институты Шығыс (Ливан) пен Еуропаның (Италия, Польша, Румыния, Сербия) бірқатар жазушыларын марапаттады.



Естеріңізге сала кетейік, Гонкур премиясы (Prix Goncourt) 1903 жылдан бері табысталып келеді. Былтыр Николя Матье есімді жазушы лауреат атанған еді. Әділқазы алқасы автордың "Өздерінен кейін балалары" (Leurs enfants après eux) атты романын француз тіліндегі (2018 жылғы) үздік туынды деп таныды. 

"Өздерінен кейін балалары " — Николя Матьенің екінші романы. Шығарма сюжеті 1990 жылдардағы Францияда болады. Басты кейіпкерлер — 14 жастағы Антони мен оның достары. Жасөспірім шағы экономикалық дағдарыс кезіне сәйкес келген балалар  Nirvana сынды рок группалар музыкасына елітіп, айнала хаосқа айналған шақта өз жөнімен өмір кешіп жатады. 

massaget.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069860
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Шымбұлақта шаңғы маусым 2 min
БҚО-да автокөлік аудары 2 min
Елорда полицейлері бейн 12 min
Пневмонияның алдын алу 21 min
Ақмола облысында ауылға 22 min
Ақтөбе облысында ауыл ш 1 sagt
Шаруаларға берілген арн 1 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Подагра жайлы білесіз 1 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 1 sagt
СҚО-да медициналық көме 1 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 1 sagt
Долой перфекционизм 1 sagt
Әнел Сақыш бокстан Азия 1 sagt
UFC файтері салмақ өлше 1 sagt
ЕЛОРДАДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕ 2 sagt
17 қараша күні елімізді 2 sagt
Что такое прокрастинаци 2 sagt
АҚШ-та Әбіш Кекілбаевты 2 sagt
Қазақстанның екі өңірін 2 sagt
Димашты Жапониядағы жан 2 sagt
Көкшетауда «ВАЗ 2110» к 2 sagt
Микро-әңгімелер циклы | 2 sagt
Қытайда жер сілкінді 3 sagt
БАС МҮФТИ «ДОН» ҚОРЫМЫН 3 sagt
Қазақстан аумағының бас 3 sagt
Пойыздағы көрпе-төсек д 4 sagt
«Астана Су арнасы» кей 4 sagt
РУСЛАН АХМАҒАНБЕТОВ: « 4 sagt