Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-14888263347 %53 %

Алматылықтар Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакльді тамашалады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/11/09


Алматыда қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакль қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қойылым Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрсетілді. Спектакльді тамашалауға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, жазушының ұрпақтары, ұстаздар мен жастар келді.

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері көрермендерге жазушының балалық шағын, жас кезін және өмірінің соңғы жылдарын көрсете алды. Бас кейіпкердің рөлін Нұрлан Байшин сомдады.

«Спектакльде оның өмірбаяны көп баяндалады. Әртістер жазушы өмірінің соңғы жылдарын көремендерге шынайы көрсетіп, шебер жеткізе білді. Ол кезде оның шығармаларын Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және басқа да көрнекті тұлғалар жоғары бағалаған», - дейді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

Пьесаның режиссері Әлия Баймахан бұл қойылым қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармашылық мұрасы ұлттық бірегейлікті сақтауға, өскелең ұрпақтың бойында рухани-ағартушылық құндылықтардың дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.

«Біз көптеген зерттеулер жүргіздік, кітапханалар мен мұрағаттардан ақпарат іздедік, әртүрлі адамдармен сөйлестік. Біз оның өмірін тек жазушы ретінде ғана емес, сонымен бірге күйеу, әке ретінде де көрсеткіміз келді. Жастар өз тарихын ұмытпауы керек және тау тұлғалар туралы білуі тиіс. Бұл өте маңызды. Жазушының өмірі қиын және түрлі оқиғаларға толы болды, ол көптеген жағдайларды бастан өткерді. Бейімбет Майлин өз халқының, өз елінің нағыз патриоты болған деп санаймын», - деді режиссер.

Қойылым соңында, Бейімбет Майлиннің немересі Дәмен Сейітжанова актерлер мен көрермендерге алғысын білдірді.

Бұған дейін, спектакль премьерасы Қостанай облысында жазушының туған жерінде қойылған болатын. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарында көрсетіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069856
Пікірлер

Көрші сілтемелер